Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамды көз алдымда өлтірді": Семейлік тұрғын 26 жылдан кейін туған қызын тапты

Семей қаласының тұрғыны Сергей Горячев 26 жылдан кейін туған қызын тапты. Ер адам қызын соңғы рет көрген кезде ол алты айлық болған екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Сергей Горячевтің сөзінше, ол біраз уақытқа кетуге мәжбүр болған. Кейін үйіне оралғанда, әйелінің қызы Лизаны алып, туған жері Үржарға кетіп қалғанын біледі. Ер адам әйелі мен қызын іздестіргенімен, таба алмапты.

Арада жылдар өткеннен кейін Сергей екінші рет шаңырақ көтерген. Ол 17 жыл бойы екінші жұбайының үш қызына қамқорлық танытып, үлгілі әке болған. Алайда туған қызын есінен шығармапты.

Таяуда Сергейдің ортаншы қызы «Жди меня. Казахстан» бағдарламасына хат жазуды ұйғарыпты.

«Әкеме көмектескім келді. Себебі өзімнің туған әкем жоқ. Әкем оның орнын алмастырды. Олардың кездесіп, мұнан кейін аралары үзілмегенін қалаймын. Әкесі мен қызы бір-бірінен ажырамауы тиіс», - дейді Назира Алматаева.

Бағдарлама қызметкерлері Лизаны тапқан. Қыз ауыр сынақты бастан кешкен екен.

«Өгей әкем менің көз алдымда анамды өлтіріп тастады. Сол күннен бастап ешқандай қуаныш сезген емеспін. Тек жан жарасы мен көз жасы», - дейді Елизавета Асачий.

Талқылау