"Анама суретін көрсеттім": Бүркіт жары Аишаны көп қыздың ішінен таңдап алғанын айтты
Танымал әнші Бүркіт 15 жыл отасқан жары Аишаны анасы таңдап бергенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі алғаш сахнаға шығып жүргенде бейнебаян түсіріп, актриса ретінде Аишаға ұсыныс тастаған.
“Жұрт анам мен Аишаны ұқсатып жатады. Менің анам болғандықтан соған ұқсайтын жанды іздейтін шығармын. Білмеймін. Аиша екеуміз алғашқы бейнебаян түсіріп, халыққа шығардық. Сол кезде мен арнайы Таразға барып, анама көрсеттім. Анам бірден Аишаны ұнатты. "Мына қыз жақсы ғой, көзі жақсы" деді. Негізі қыздар туралы олай айта бермейді. Оған дейін қаншамасын көрсеттім ғой. Көрмейтіннің бәрін көріп шықты. Солай Аиша анамның кастингінен өтті. Мен сол сөздерден кейін кеттім. Өз әрекетімді бастадым", –деді Бүркіт.
-
"Гориллаға ұқсап, ерсіленіп кетті": Бүркіттің жары Аишаның биі көпшіліктің сынына қалды
-
"Аишаны құдайдан сұрап алдым": Бүркіт әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Сондай-ақ әнші ата-анасын қолына алып, бір шаңырақ астында тұрып жатқанын айтты.
“Анам келіні туралы жылы сөздер көп айтады. Бізбен тұрып жатқандарына 1,5 жыл болды. Сол аралықта бір ұрыс-керіс, келіспеушілік деген болған емес. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз", – деді әнші.
Еске салайық, Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнаған еді.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды