Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыртқа шыққанда айқайлап ұрысты": Қаңғып қалған 6 бала әкесінің бағдарламадан кейін "ғайып" болғанын айтты

Аналары қайтыс болғаннан кейін қаңғып қалған алты бала әкелерімен бірге тұрғысы келмейді. Өйткені қыздары мен ұлын әкесі тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

балалар

Қыздардың айтуынша, әкелері бағдарлама барысында ел алдында кешірім сұрағанымен, кейіннен өзгеріп шыға келіпті.

«Әкемізді кешірдік. Бірақ ол бізбен енді тұрғысы келмейді. Ол кісі өзгермейді. Ел алдында өзін жақсы көрсетті. Бірақ сыртқа шыққанда бізге келіп айғайлап, кінәлап ұрсып кетті. Басқа ештеңе істемеді. Содан кейін көрген жоқпыз. Қазір қайда екенін білмейміз», – дейді қыздар.

Қыздар ендігіде әкелерімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Ал әкелерінің әпкесінде қалған сіңлілерін қыздар өз қолдарына алған. Өйткені Альфияны туыс әпкесі ауыр жұмысқа жегіп, қинаған көрінеді.

Қазіргі уақытта қыздарды әкімшілік жаңа пәтерге көшіріп, балаларды мектепке орналастырған. Алдағы уақытта көмектесіп тұратындарын айтты.

Талқылау