Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ана болу": KeshYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш арманын айтты

KeshYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш арманын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жеке шығармашылығын қолға алмақ мақсатта, продюсерсіз жұмыс істеуді жөн көрген Балжан Бидаш өмірдегі армандарын айтты. Кәсібінен отбасын артық қоятын ол жақын арада жақсы жаңалық естулеріңіз мүмкін деп ағынан жарылды.

"Әрине өмірдегі ең басты нәрсе - ана болу, отбасын құру. Ол жағын ұмытпаймын. Мүмкін жақсы жаңалық еститін шығарсыздар. Жеке өмірім құпия болып қалсын", - дейді Балжан Бидаш.

Жаңалық болған күннің өзінде, KeshYOU тобының бұрынғы солисі бұл жайлы әлі ешкімге тіс жармаған. Өйткені ол жаңа бейнебаянын халыққа ұсынбақ ниетте еңбектеніп жүр. Өнерді өзгеше бағалайтын ол жоспарларымен бөлісті.

"Өмірде өзімнің қойған мақсаттарым бар. Сол бойынша келе жатырмын. Алдағы уақытта бәрі жақсы болады. Дауысым бар екен деп, айқайлап, ән айтудың қажеті жоқ. Сондықтан мен әртүрлі бағыттағы әндерді таңдадым", - дейді өнер иесі. 

 

 

Талқылау