Президентікке соңғы үміткердің кім екені белгілі болды: Әміржан Қосанов кандидат ретінде тіркелді 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы болып "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Әміржан Қосановқа куәлік табыстады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

ОСК мүшесі Ақылбек Ихданов 27 сәуір күні "Ұлт тағдыры" қозғалысы Қосановты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынып,  президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде Қосановтың дауысқа түсуге келісім бергені туралы кандидат өтініші мен өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат ұсынылып кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 28 сәуірдегі қаулысымен президенттікке кандидаттың сайлау туралы заңнамаларда қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілгенін айтты.

Кандидатты тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Қосановты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды. 

15 сәуірдегі №13/237 Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдар 118 140-тан кем болмауы тиіс делінген болатын. 

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Ахметбековті қолдап 14 өңірден  131 189 азаматтық қол жиналды, оның ішінде 129 582 қол рас деп танылды", - деді деп мәлімдеді ОСК мүшесі.  

Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат комиссияға ұсынылып, қойылған талаптарға толығымен сәйкес келді. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК қаулысымен 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеп, Қосановқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр