AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық әйел Қазақстанда қайырымдылық қорын ашып, мұқтаж жандарға көмектесуде

Америкалық әйел Қазақстанда қайырымдылық қорын ашып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Бұған қоса, ол мүгедек қазақ қызына АҚШ-та протез аяқ жасатып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

АҚШ-тың Ричмонд қаласының тұрғыны Виктория Шарбонно 2000 жылы Қазақстанға келіп, Таразда "Мейірімді жүрек" қоғамдық қорын ашқан. Қазірде ол жалғызбасты аналарға, жетім және мүгедек балаларға көмектесуде.

2019 жылы Виктория Шарбонноның құжаттарын рәсімдеуде қиындықтар туып, АҚШ оралуына тура келген. Десек те бұл жағдай Қазастандағы қайырымдылық қорының елге танылуына әсер еткен. Қазіргі таңда қоғамдық қорына америкалық демеушілерден бөлек, қазақстандықтарда қаржы аударатын көрінеді. 

"Мейірімді жүрек" қоры 58 ананы жұмыспен және қажетті оқыту курстарымен  қамтамасыз етуде. Олардан орталықта бөлек тағы 100 бала оқытылады екен. Сондай-ақ мұнда күн сайын 170 адамға киім-кешек таратылып, ыстық ас беріледі. Жалпы алғанда ұйымда 65 қызметкер жұмыс атқарады. 

Орталықтың бір ерекшелігі, мұнда балалар демеушілермен тікелей байланысқа шыға алады. Яғни, мұқтаж жандарға әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын халық қол ұшын созу мүмкіндігіне ие. 

Виктория Шарбонно қазақстандық мүгедек қыз Сәулені АҚШ алып келіп, оған аяғына бейімделген протез жасатып берді. Қазақстандағы заңнамаға сәйкес Шарбонно қазақ қызын қамқорлығына ала алмаған. Алайда қазірдің өзінде олар бір-бірін анасы мен қызындай көреді екен.  

"Мен оған деген махаббатымыды көрсете алдым деген үміттемін. Алдағы уақытта Қазақстан үкіметі бір шешімге келсе екен деймін", - деді Шарбонно.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр