Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам мені босана сала жетімдер үйіне қалдырып кеткен": Отандық кәсіпкер балалық шағынан алған сабақтары туралы

Болашағынан зор үміт күттіретін, қазірдің өзінде 30-ға келмеген мықты кәсіпкерлердің алдыңғы сапында келе жатқан Аманжол Рысмендиев бірнеше кәсібін дөңгелетіп, жас кәсіпкерлер мен ниет білдіргендермен білген-түйгенімен бөлісіп жүр. Балалық шағындағы ауыртпалықтарға қарамастан биік белестерге апаратын қасиет армандаудан бір сәт те ажырамаған. 2030 жылға дейінгі өмірімді жоспарлап қойдым деген іскер азамат Stan.kz үшін алтын уақытын қиып, біраз сырын ақтарды. Аманжол Рысмендиевті көпшілік бизнес-коуч, кәсіпкер, қайырымдылықпен айналысып жүрген азамат ретінде жақсы таниды. Ал адами келбеті қандай? Біздің сұхбатымызда. 

бизнесмен

–   Аманжол, сізді жетімдер үйінен шыққан кәсіпкер деп айтып жатады, осы рас па?
–    Жоқ, жетімдер үйінде өспедім. Бірақ биологиялық анам мені босана сала Тараздағы жетімдер үйіне қалдырып кеткен. Ол туралы өзім 16 жасымда естідім. Жетімдер үйінде бір айға жуық уақыт болған болуым керек. Бірақ ол жерден мені тастап кеткен кісінің туған ағасы мен жеңгесі бағып алады. Сөйтіп маған ана мен әке болады. 
–    Аға-жеңгеңіз туған әке-шешеңіздей болып отыр ғой...
–    Қоғамда 70 пайыз туғандар бар, бірақ аналар аз. Әжем "Баланы ит те, мысық та, құс та туады. Мәселе оны тәрбиелеуде» деп айтатын. Балаға дұрыс білім беріп, сол үшін шыбын жанын құрбандыққа салатын болса, баласына үлгі болса, нағыз ана сол. Ананың екі міндеті бар. Бірінші, тәрбие беру. Екінші, мол махаббат беру. 
–    Өз туған анаңызды жек көресіз бе? 

Ерланби Дәулетияр неге мемлекеттік қызметке барудың қажет емес екенін түсіндірді >>>


–    Жоқ, жек көрмеймін. Оның мені туғанына да рахмет. Ол адамды кешіре де алмаймын, түсіне де алмаймын, бірақ жек көрмеймін. Өйткені өткен өмірім маған қызық емес, болашағаммен өмір сүремін. Жүрегімде реніш жоқ. 
–    Осындай тағдыр болғанына кейде өкінесіз бе?
–    Өткеніме өкінетін адам емеспін. Қиналдым демеймін. Иә, мүмкін көпшілікпен салыстырып қарағанда тағдырым ерекше шығар. Мен үшін әрбір болған проблема ол - есеп сияқты. Ал есептің формуласын тапсаң, шешесің. Менде де солай. Мен әкенің қолдауын көрген жоқпын. Үлкен әкем үш жасымызда анам екеуі ажырасып кетті. Жалғыз қарындасым бар. Сөйтіп біз нағашы әжеміздің тәрбиесін көріп өстік. 
–    Жастай кәсіпкер атанып, жетістікке жетуіңізге осы нәрселер түрткі болды ма?
–    Табысқа жету бірінші адамның мінезіне байланысты деп ойлаймын. Абай атамыз "Адамның жақсы болуы туғанынан" деп айтады ғой. Яғни, ол қандағы бір қасиет шығар. Екінші, "Адамның жақсы болуы ата-анасынан" дейді. Әжем мені аямай таңертең бесте тұрғызып, өзінің бүкіл өнегесін, білетінін үйретіп, тәрбиелеген. Үшінші, "Адамның жақсы болуы ұстазынан" дейді. 3-4 сыныптан бастап ұстаздарым мен іскер кісілерді үлгі тұттым. 15 жасымда республикалық Абай атындағы "Дарын" мектебіне түскен кезде де түрлі кәсіпте көтерілу, табысқа жету жайындағы түрлі-түрлі тренингтерге қатыстым. Сол тренингтерден алған білімімнің арқасында бүгінде 7 компанияны басқарып отырмын. Ең бірінші армандай білу. Мысалы, мен 2030 жылға дейінгі өміріме жоспар құрып, қағазға түсіріп қойдым. 
–    Иә, мінез, қасиет қаннан қалыптасады. Қаныңыз бір әкеңізді іздедіңіз бе? Өйткені қазіргі еңбекқорлық, намысшылдық мүмкін сізге әкеңізден берілген шығар...
–    Жоқ, оны «Сен баяғыда бір қызбен ұйықтап, тастап кеткен екенсің» деп айту үшін іздейін бе? Әйтеуір оның Шапырашты екенін білемін. Бірақ қайда екенінен хабарым жоқ. Ал қасиетіме келер болсақ, ол әкемнен келді деп ойламаймын. Өйткені адамды тәрбиелейтін – қоғам мен орта. Мысалы, сіздер басқасыздар. Сіздерде арам-пиғыл, өкпе-наз бар. Менде оның біреуі де жоқ.
–    Бұрын бизнес-тренингтер жүргізіп келдіңіз. Ал жақында форум өткізгелі жатыр екенсіз. Мақсаты не? 
–    Бұл бұрын-соңды Қазақстанда болмаған керемет жоба болғалы тұр. Форумның бағасы – 15 мың теңге ғана. Оның мақсаты – сапалы өмір сүрудің философиясы. Өмірде бай болу бір басқа. Бірақ рухани, материалдық да, өз қатарының алды болу және отбасыңда бақытты болуың екіталай. Егер отбасыңда барлығы жақсы болса, онда жұмысың дамиды. Осының барлығын форумда қозғаймыз. Көп адамдар өмірде тек ақша маңызды деп ойлайды. Бірақ ақша - тек еңбекқорлық, талғам, жауапкершілік, білім, махаббаттың көрінісі. Ал анасының жағдайын жасаймын деген адам тыпырлап еңбек етеді, отанын жақсы көрген адам бірнәрсені жасайды. Мен балаларым жақсы білім алуы үшін жанталасып жұмыс істеймін. Оның жағдайын жасамасаң не үшін тудың? 
–    Бала кезіңізден осы нәрселерді ойлап па әлде өзіңізді баққан анаңыздың жағдайын жақсартамын деп тыпырладыңыз ба?
–    3-4 сыныптан бастап белгілі бір деңгейде отбасымды асырадым деп айта аламын. Ең бірінші тапқан нәпақамды алюминий сатып тапқанмын. Әжем темекі шегетін еді, соны алып бердім. 
–    Сізді өткеніңіз қамшылады ма? 
–    Бір кәсіпкерден «Неге кәсіпкер болдыңыз?» деп сұрағанында жоқшылықтан деген екен. Сол сияқты жетіспеушіліктен ғой. Намыстандым. Егер адам намыстанбаса, бір орнында отыра береді. 
–    Жүрегі ауыратын оралдық жігітке жомарттық көрсетіп, пәтер сыйлаған екенсіз. Қайырымдылық жасағаныңызды жарнамалап тұрасыз ба?
–    Мен сыртқа жұмсақ, өзіме қаттымын. Елдер мен бай болғаннан кейін жұртқа көмектесемін деп айтып жатады. Бірақ мен ондай қатты бай емеспін. Әркім өз деңгейінде айналасына кеңпейілдік танытқаны дұрыс. Сондықтан мен де қолымнан келсе, көмектесіп жатамын. Тіпті өзімде жоқ болса да тауып беретін кездерім болады. Өйткені өмірден кімнің қашан кететіні белгісіз. Пәтерді бағдарлама кезінде беру керек болды. Әйтпесе ешкімге жария салмай-ақ қаншама адамға көлік, жер, үй сыйлап жатырмын, жетімдер үйіне де көмектесемін. Бірақ оларды жарнамаламаймын. 
–    Бала бақыты үшін не керек деп ойлайсыз?
–    Бала бақытты өмір сүруі үшін дұрыс әке-шеше керек. Егер ана мен әке өз міндеттерін білсе, қаржылық жағынан проблема болмайды. Осылар дұрыс болса, бала дұрыс білім алады. «Баланы тәрбиелеп әурелеме, сен қандай болсаң, ол сондай болады» дейді. 
–    Ал сіздің айнаңыз кім бола білді? Бақытты бала болдыңыз ба?
–    Бақытты бала болған жоқпын. Менің әкем болмаса, қалай бақытты бала боламын? Жағдайым нашар болды. Сол көрген қиындықтарымды өз бала-шағама көрсетпейін деген ниетте қазір шапқылап жүрмін. Мысалы, мен әлі күнге дейін ойнай алмаймын. Ойын не? Білмеймін. Мен бала болып, асық шашып, доп теуіп ойнаған емеспін. Әлі күнге дейін не футбол, баскетбол ойнай алмаймын. Әйтеуір хоббиім – залда жаттығу жасау. Таңертеңнен кешке дейін тек жұмысты ойлаймын. Жүйкем көтеріліп тұрады. 9-сыныпта мінезім қыз сияқты еді. 
–    Балалық шақты сезінбей өсу, әкенің кім екенін білмей ер жету соншалықты ауыр жағдай. Өкініштер мен өмірден баз кешулер болды ма?
–    Мен намысшыл бала болып өстім. «Дарын» мектебіне оқуға түскенде анам рак ауруымен ауырып қалды. Бұл жерде биологиялық адамды айтып отырғаным жоқ, оны мүлдем алып тастайық. Ерте жұмысқа араласуыма да осы себеп болды. Өйткені анамның дәрі-дәрмегі бар, сабағым, киім-кешегім, қатысатын курстарым бар дегендей. Осылайша, күні-түні тыпырлауыма тура келді. Мен таңғы сағат төртте тұратынмын. 9-сыныпта оқып жүргенімде 3000-4000 долларлық тренингтерге қатысатын едім. «Қыз құпиясы» журналында жұмыс істедім, «Ара» журналын, «Жұлдыздар отбасы» газетін саттым. «Орифлэйммен» де айналыстым. Сенбі-жексенбі жұмыс істедім, қазақ тілі мен әдебиетінен репетитор болдым. Бұл батырлық емес, есі дұрыс бала осылай істер еді. Шешем ауылда ауырып жатты, не көмектесетін адам жоқ. Басқа не істеуім керек? Бірақ 2008 жылы анам қайтыс болып кетті.
–    Соңғы сауалымыз қызметіңізге қатысты болсын, бизнес-тренингтеріңізді неліктен тоқтаттыңыз?
–    Бір жылдай уақыт болып қалды, тренингті тоқтаттым. Елімізде қазақ тіліндегі бизнес-тренингтерді алғаш болып 2007-2008 жылдары мен бастағанмын. Он жыл бойы қаншама азаматтардың кәсіпте өсуіне көмектестім. Менің тренингтерім 15 сағатқа дейін созылады.Тренинг адамның бүкіл жан-дүниесін өзгертеді. Ол жерде қатысушылар неше түрлі жаттығулар жасайды. Маған келгенде бір бутигі болған адам, қазір үлкен базардың иесі болып отыр. Әуе компаниялары бар оқушыларым да бар. Менің сабақтарым қарапайым адамдарға арналмаған, қазір де солай. Үш күнгі сабағымның бағасы – 700 мың теңге. Яғни, маған белгілі бір дәрежеге жеткендер келеді. Біз тренингте мінез өзгертеміз, содан кейін адамның өмірі өзгереді. Жақында болатын форумда осының барлық жолы айтылады. Ал қарапайым адамдарға семинарлар, форумдар өткіздім. Әр адам өсуді ойлауы керек. Мен бір айда 7-8 кітап оқимын. Кітаппен оянып, сонымен ұйықтаймын. Айына бір кітап оқымайтындар мен үшін – топас. 
 

                                                                                  Сұхбатты жүргізген: Анар Дәукен

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...