Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Амандаспауға құқым жоқ": Қазақстандықтарды көрген Рамзан Қадыров велосипедінен түсіп сәлемдесті (видео)

Желіде Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыровтың қазақстандықтарды көріп, велосипедінен түсіп, амандасқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видео кадрларынан Қадыровтың Грозный қаласын велосипедпен аралап жүргені көрінеді. Осы кезде ол қалада серуендеп жүрген қазақстандық спортшылар делегациясына ұшырасады. Қазақстанның туын көрген Рамзан Қадыров велосипедінен түсіп, спортшылармен амандасты. 

«Қазақстандықтармен амандаспауға құқым жоқ. Қалдарың қалай? Бәрі жақсы ма?» - дейді Қадыров.

«Қазақстан – біздің бауырлас халық» деген Қадыров қазақстандық қонақтарға қашан да қуанышты екенін айтты.

Рамзан Қадыров: Менің Қазақстанға, қазақ халқына деген қарым-қатынасым ерекше (видео)

«Қаламызда Нұрсұлтан Назарбаев тұрғызған үй бар. Назарбаев атындағы мектеп бар. Қазақстандық қонақтарға қашан да қуаныштымыз», - дейді ол. 

Артынша Қадыров Қазақстанның туын қолына алып, жас спортшылармен суретке түсті. 

Талқылау