Amanat партиясы – жастар үшін жаңа мүмкіндік
Орал қаласындағы "Бастау" коворкинг орталығында “Аманаттың” партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Снежанна Имашева мен Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына кандидат Архат Исламғалиев студент жастармен кездесті.

Партияның сайлауалды бағдарламасында жастардың табысты дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасауды жалғастыруға арналған тұтас бір блок белгіленген. Аймақтың алдында жұмыссыз жастардың үлесін 3,8 пайызға дейін төмендету міндеті тұр. "Дипломмен – ауылға!" жобасы аясында 300 жас маман тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджетен несие алады. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы негізінде кемінде мыңнан астам адамды жұмысқа тарту жоспарлануда. Жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде 2,5 пайызбен несие беріледі. "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы аясында жыл сайын білім гранттарын бөлу қарастырылған.

Депутаттыққа үміткерлердің сөзінше, БҚО-ның 200-ден астам елді мекенінде спорттық нысандар мен секциялар жоқ. Партия Ақжайық, Қазталов, Тасқала, Теректі және Бәйтерек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің салынуына өз үлесін қосуда. Сондай-ақ облыстың барлық аудандарында 30 спорт алаңын салу жоспарлануда. Ал Оралда бір стадион қайта жөндеуден өтіп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін мың адамға шаққанда 65% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жиында қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев әлеуметтік және білім саласына қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Кейбір жастар бспанаға қол жеткізе алмай отыр. Нарық бағасы, тіпті бастапқы жарна салу үшін де тым жоғары. Баяндамашы өңірдегі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ студенттерге жатақхана салып, колледж студенттерінің шәкіртақысын көбейту керектігін айтты. Студенттер үміткерлерге қаланың дамуына, қызметкер орналасуға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге қатысты көптеген сұрақтар қойды. Снежанна Имашева партияның барлық ұсыныстарды міндетті түрде ескеретінін айтты. Үміткерлер жастарды ел болашағына үлес қосуға, "АМАНАТ" партиясына дауыс беруге шақырды.

– Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Партия жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге қашанда дайын, деді кандидаттар.

Ақпарат Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлауалды қорынан төленеді.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі