Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Amanat тізімде бірінші тұрады: ОСК сайлау бюлетеніндегі партиялар ретін анықтау үшін жеребе өткізді

Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюлетенінде партиялардың қандай ретпен тұратынын анықтау үшін жеребе өткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сайлау

Жеребеге тіркеуден өткен жеті партияның өкілдері қатысқан. Ортаға шыққан партия өкілдері 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алыпты. Сәйкесінше жабық конверттегі нөмір партияның тізімде нешінші болып тұратынын анықтады.

"Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы - бірінші орында, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - екінші орында, "Respublica" партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, "Байтақ" жасылдар партиясы – бесінші орында, "Ақ жол" партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Назархан Уән
Сенбі, 18 Ақпан, 2023 11:44