Алматыда жүргізушілерге айыппұлдың жаңа түрі салына бастады

Алматыда айыппұлдың жаңа түрі салына бастады. Енді арнайы жолаққа шығып, қоғамдық көліктердің қатынауына кедергі келтірген жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер бір жылдың ішінде бірнеше рет қайталанатын болса, айыппұл көлемі еселеп арта түседі. Ал осы уақытқа дейін жүргізушілердің заңсыз әркеті жол сақшыларының көзіне түскенде ғана хаттама толтырылатын. Сонымен қатар шығыс айналма жолындағы жүру жылдамдығы сағатына 80 шақырымнан 60-қа төмендетілді.

Алматыда жүргізушілерге айыппұлдың жаңа түрі салына бастады

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жүгенсіз жүргізушілер енді қоғамдық көліктерге арналған жолаққа шығар алдында әбден ойлануына тура келеді. Себебі 12 мың теңгесінен қағылады. Жүргізушілердің әрекеті автобустарға орнатылған бейнетіркеуішпен қатар мынандай арнайы орнатылған камералармен бақыланады.

Қоғамдық көліктердің ішіне орнатылған камералар кептеліс кезінде және өзге де уақытта автобустардың алдын кес-кестеп, жол бермейтін жүргізушілерді тезге салуға арналған. Автокөліктің нөмірін 25-30 метр жерден жазбай танып, бірден құзырлы органдарға жөнелтіп отырады. Алайда мұндай өзгеріс жүргізушілер қауымын аса қуанта қоймады. Бұл онсыз да шықпа жаным шықпа деп жүрген жұрттың қалтасын қағу, дейді.

«АЕК-тің өзі 9 мыңнан асып кетеді. Болмайды ол, көп болып кетеді»

«Тимирязев көшесіндегі автобус жолағына көңілім толмайды. Көбінесе автобус жүргізушілеріне көңіліміз толмайды. Олар өздерінің жолағымен жүреді де, біздің жолаққа шығып кетеді. Екі-үш жолақ болып бөгет жасайды».

«Қарапайым халыққа қиын, такси қызметін көрсетіп ақша табу керек. Енді көп адам солай жасап, бензинін сонымен тауып жүр ғой. Жалақы жетпейді. Жалақыға бензин құйсаңыз, тамаққа ақша таппай қаласыз. Сондай мәселелер. Бізге тиімсіз»,

Жол сақшылары әр жол жүру ережесін бұзу дерегі бойынша жүргізушінің мекен-жайына айыппұл жолдайды. Оның көлемі 12 мыңнан бастап 50 мың теңгеге дейін артуы ықтимал.

«Бастапқыда 5 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айып көзделген. Егер бір жылдың ішінде бірнеше рет осындай құқық бұзушылыққа жол берілетін болса онда 15-20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл мөлшері өседі», – дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір 50 троллейбусқа орнатылған әрбір камера күн сайын орта есеппен 30 жол ережесін бұзу дерегін тіркейді. Құрылғылар Қытайда өндірілгенімен, жолақ жүйесін құрастырған отандық мамандар. Камера тәуліктің кез келген уақытында көлік нөмірін жазбай таниды.

«Бұл бейнетіркеуіштер қоғамдық көлік таңсәріден кешке дейін жолда жүргенде автоматты түрде іске қосылады. Жол бойындағы деректердің барлығын полицияның ақпараттарды өңдеу орталығына жібереді. Автобус жүргізушісінің жұмысына кедергі келтірмейді», – дейді бейнекамераны жасаушы кәсіпорынның техникалық директоры Алексей Чернов.

Сонымен қатар қала көшелерінде орташа жылдамдық өлшенетін болады. Яғни бір көше мен екінші көше қиылысына дейін жылдамдықты сақтамаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Осы уақытқа дейін жүргізушілер қауымы камераға жақындағанда ғана жылдамдығын азайтатын болса, енді қаланың барлық көшелерінде сақтауға міндетті. Қазіргі таңда автоматтандырылған жүйе Шығыс айналма жолы мен Солтүстік айналыс көшелері қамтылған. Мұнда орнатылған 6 қондырғы күніне орта есеппен 1200 ереже бұзу дерегін тіркейді екен. Бір айыппұлдың көлемі 12 мың теңге деп есептейтін болсақ, күн сайын жүргізушілер қала қоржынын 15 миллион теңгеге қампитады екен. Алдағы уақытта қалада жұмыс істеп тұрған 110 камераны осы жүйеге қосу көзделуде. Дегенмен, арнайы сертификат алғанша бұл жоба іске қосылмайды.

«Жоба орташа жылдамдық деп аталады. Себебі екі пост аралығындағы орташа жылдамық. Яғни сертификатталған қондырғымен екі бекет аралығы өлшенеді. Және нақты уақыты белгіленеді. Нақты уақыттың сервері орнатылады. Уақытты нақты өлшейтіні туралы сертификат алынады», – дейді қалалық полиция департаментінің техникалық қызмет басқармасының басшысы Ольга Агафонова.

Өткен жылы Алматыда 4 мыңнан астам жол-көлік апаты тіркеліп, 121 адам көз жұмыпты. Оның басым бөлігі жылдамдығы жоғары көшелерде болған. Сондықтан қала басшылығы бүгіннен бастап Сайын мен Шығыс айналма көшелерінің аралығында жылдамдықты сағатына 80 нен 60 шақырымға дейін төмендетілді. Бұл жолда жүруді тек 2 минутқа ғана қысқартады екен. Бірақ адам өмірін сақтауға сеп болады дейді мамандар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз
Çàãðóçêà...