Алматы облысында ауруханада баласынан айырылған әке дәрігерлерді пышақтап тастады
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында баласынан айырылған әке дәрігерлерді пышақтақтап тастады, деп жазады КТК.
Жансақтау бөлімінде жатқан 9-сынып оқушысы Жаннұр Ержігіт 28 қазан күні көз жұмды. Әкесінің қолынан зардап шеккен дәрігер ауруханаға жатқызылған жоқ.
«2018 жылдың 26 қазан күні баланың әкесі Мұсаханов К реаниматолог консультантының денесіне зақым келтіріп, кезекші реаниматолог Ашенов С, директордың орынбасары Д. А. Айтжановқа сес көрсетіп, суық қарумен денесін жарақаттады. Осы жағдай бойынша Еңбекшіқазақ ауданының Полиция бөліміне өтініш түсті», – делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
“Әкесі меңгерушіге кіріп аяқтарынан тік тұрғызған соң әрең дегенде жатқызады. Дәрігерлер бәрі жақсы система құямыз деген. Үйге барып келгенше сап-сау балам реанимациядан бірақ шығады. Қалай сонда?”, – дейді анасы Динара Сәрсенбиева.
Марқұм бала 26 күні тамақтан уланып ауруханаға жеткізіледі. Оған «Бактериалды тамақтан улану», «Жедел инфекциалды миокардит», «ІІІ дәрежедегі инфекциалық-токсикалық», «Респираторлы РДС ІІІ-дәрежесіндегі синдром» атты диагноз қойылған. Дәрігерлер барыншы күрескенімен баланы аман алып қала алмады. Оларға әкесі дөрекілік көрсетіп, кедергі келтірген.
“Дәрігердің түсінбестігі бұл жерде. Оқымаған адамдар отыр. Баланы қалай құтқарып қалу керектігін білмейді”, – Ержігіттің атасы.
«Осыған байланысты Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы БАҚ құралдары арқылы қоғамға дәрігерлердің қауіпсіздігіне, дәрігерлерлің дәрежесін көтеруге назар аудартқысы келеді. Дәрігерлер науқастардың өліміне жол бермей, олардың өмірін сақтап қалуға барынша тырысатынын жеткізеді», – делінген ведомстваның мәліметінде.
Баланы анасы да дәрігерлердің атына арыз жазды. Ал, дәрігерлер баланың әкесіне арыз жазды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Дәрігердің айтуынша, баланың әкесі дәрігерлерге сес көрсетіп, суық қаруымен жаақаттаған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.