Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Алматылық кейуана Күніш Ахмедова 106 жасқа толды. Ол Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады.

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала күнінде Медеу аудандық әкімдігінің қызметкерлері қаланың ең қарт тұрғынының үйіне барып қайтты. 

Күніш апа 40-жылдары қаланың бүгінгідей жайлы болмағанын айтады.

«Көппәтерлі үйлер болған жоқ. Адамдар суды құдықтан алатын. Аулада тауық, үйрек пен қаздар жүгіріп жүретін», - дейді кейуана. 

Күніш Ахмедованың сөзінше, 60-жылдары қалада көпқабатты үйлер белсенді түрде салынып, инфрақұрылым дами бастапты. Зейнеткердің пікірінше, бүгінде қала көркейіп, гүлдене түскен.

Талқылау