Алматыны тағы да жаңбыр суы басып қалды

Алматыда қатты жаңбыр жауып, қала тұрғындары тағы да қолайсыздықтарға тап болды. Кейбір қала көшелерінде жаңбыр суының жиналуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен түнде Алматыда қатты жауын жауды. Қаланы жаңбыр суы басып қалған видеолар әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Қатты жаңбырдың кесірінен Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында жол айырығының туннель бөлігі су астында қалған.



Әкімдіктің хабарлауынша, бұл жерде электр қуаты жоқ болғандықтан, су жиналып қалған. Көпір астындағы су тартқыш құрал жарықтың болмауынан жұмыс істемепті.

"Электр қуатының болмауына байланысты Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы көпір астындағы сорғы сөніп, су жиналды. Қазіргі уақытта аудандық коммуналдық қызметтер сол жерде жұмыс жасауда. 2 арнайы техника мен 6 мотор сорғысы іске қосылды", - дейді әкімдік. 

Сонымен қатар, қала тұрғындары Алматының оңтүстік бөлігіндегі таулы аймақта түсірілген бейнероликтерді жариялайды. Куәгерлердің айтуынша,  қатты жаңбырдың салдарынан көшкін қаупі болуы мүмкін.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр