Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 миллион теңге көлемінде кепілдік берген: "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы босатылды

"Алматыметроқұрылыс" ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов 25 млн теңге көлемінде кепілдік қойып, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Рейімов

Бұл туралы ҚР-ның ішкі істер минситрі Ерлан Тұрғымбаева мәлімдеді.

"Сот үкімі бойынша Рейімов 25 миллион теңге көлемінде кепілдік қойған соң босатылды. Оны қорғаушы тарап құны осынша болатын жылжымайтын мүліктің құжат табыстады, содан кейін барып Рейімов босатылды", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін "Алматыметроқұрылыс" ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы ұсталғаны айтылған еді. Салдарынан метро құрылысымен айналысып жүрген жұмыскерлер 27 қараша күні жаңадан салынып жатқан "Сарыарқа" бекетінің алдына жиналған. Олар бұл жағдай метроның алдағы уақыттағы жұмысына кері әсер етуі мүмкін деген қорқыныштарын жеткізіпті. Дегенмен қала әкімдігі Рейімовтың ұсталуы метро құрылысына еш әсер етпейдігін жеткізген. 


 

Талқылау