Алматылық аула тазалаушы үш баланы жалғыз асырауда

Алматы тұрғыны, аула тазалаушысы бола тұра үш баланы жалғыз қалай асырап отырғандығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAlmaty сайтында сілтеме жасап.

Алматылық аула тазалаушы үш балын жалғыз асырауда

Сурет: inAlmaty.kz сайтынан

Алматының Влад есімді тұрғыны ауланы тазалап ақша табады екен. Ол 16 жыл бойы бұрынғы әйелімен тұрып келген. Бірақ, осы жылдың тамыз айында үш баланың әкесі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс істеп, қайта оралғанда оның әйелі тастап кетіпті. 

«Кіші ұлымның көзіне 9 қыркүйек ота жасату керек болған, оған қоса балаларды мектепте даярлау қажет. Оның барлығына 250 мың теңгедей ақша қалдырып кеткенмін, алайда үйге жұмыстан оралсам ақша да жоқ, өзі де жоқ. Қазір әйеліммен ресми түрде ажырасқанбыз. Үлкен қызым бәрін түсінеді, ортаншым анасын қатты жақсы көреді: біреу есікті қақса анам келді деп есікке ұмтылады. Ал, кішкентай ұлым әлі түсінігі қалыптаспады»- жалғызбасты әке. 

Айтуынша, қайта ұлының көзіне ота тегін жасалыпты, тек сараптамаларға 60 мың теңгедей ақша жұмсалған көрінеді. Владтың жалақысы 70 мың теңгені құрайды екен, оның көп бөлігі жалдамалы үйдің ақысына кетеді. Оған қоса балаларына мектепке қажетті заттар алу үшін және де басқа да жағдайларға ақша қажет болып, ол қарызға батыпты. 

«Ортаншы ұлымның мүгедектігіне байланысты төленетін 53 мың теңгелік жәрдемақыға күн көреміз. Оның өзін бірнеше ай бойы ала алмай қалған болатынбыз. Толық жұмыс уақытына шыға алмаймын, балаларды қарауым керек. Түске дейін аула сыпырып, үлкен қызым сабаққа кеткенше, үйге жетуге асығамын» - деп бөлісті Влад. 

Оның ажырасқан әйелі алимент төлеуден бас тартқан. Ал жалғызбасты ата-анаға төленетін жәрдемақыны ол алмайды, себебі Владтың әйелі аналық құқығынан айырылған. Оған қоса, кіші баласының екінші көзіне ота жасау өажет, әйтпесе ол көру қабілетінен айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Сайқымазақ Кроханы сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

Қызы Денвер қаласында үйі жоқ адамға айналыпты

Лотереяда қомақты қаржы ұтқан азамат әйелінен қашып кеткен

Ақшаны екауара бөлісе алмай, жұбайлар арасында жанжал шыққан
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр