Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Ташкентке ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға шұғыл түрде қайта қонды

Алматыдан Ташкентке ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға шұғыл түрде қайта қонды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қыркүйекте А320 ұшағында Алматы – Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсі кезінде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты әуежайға қайта оралды.

Air Astana қонудың штатты режимде болғанын түсіндірді. Жолаушылар тамақ және сусынмен қамтамасыз етілген.

Рейс енді резервтік ұшақпен ұшпақшы.

Талқылау