Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ЖЭС-тен шыққан түтін қала тұрғындарын шошытты

Алматыдағы ЖЭС-тен шыққан түтін қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде Алматылықтар қаланың батыс бөлігінен шыққан түтіннің видеосын жарыса жариялады. Олар бұл ЖЭС-тен шыққан жарылыс болуы мүмкін екенін алға тартқан. Видеодан 2-ЖЭС-тен түтін шығып жатқанын көруге болады.

Қала әкімдігі 2-ЖЭС-тен шынымен түтін будақтағанын хабарлады. Бас инженердің айтуынша, төтенше жағдай тіркелмеген. Ал видеодағы түтін суық суды қыздырғанда пайда болатын конденсаттың көкке көтерілуінен пайда болған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 18:21