Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы нан бағасы жаңа жылдан кейін көтерілуі мүмкін

Алматыдағы нанның бағасы келесі жылдың ақпан айынан бастап өсуі мүмкін. Дәл осы уақытқа дейін наубайшылар өндірушілермен ұнның еш кедергісіз тасымалдануы туралы келісімге келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы ұнның қазіргі қоры туралы қала әкімдігі тіл қатты. Бүгінгі күні кәсіпкерлер қоғамдық маңызы бар өнімнің қымбаттамауы үшін қолдарынан келгенше тырысуда. Шамамен қалада бір нанның бағасы 80 теңгені құрайды екен.  Бұл бағаның өзгеріске түспеуі үшін тұрақтандырма қорынан 348 мың тонна ұн бөлінген. Сарапшылардың айтуынша, ұнның бұл мөлшері ақпан айына дейін ғана жетуі мүмкін. Ал одан кейін бағаны тұрақтылықта ұстап тұру екіталай.

"Барлық келісімшарттың белгілі бір мерзімі болады. Бұл мәселе жөнінде Aizet farms ұйымымен келіскен болатынбыз. Сондықтан біз келісімшартты ары қарай ұзартамыз деген ойда бар", - деді "Қоғамдық- кәсіптік мекеме" АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков. 


 



 

Талқылау