Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы мектепте сабақ кезінде теңіз шошқасын сойған: Полиция жануарларға қатігездікпен қарау фактісімен іс қозғады

Алматыда полиция жекеменшік мектептегі сабақта теңіз шошқасын сойған әрекетке байланысты тексерісті бастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қалалық ПД бұл дерек ҚР ҚК-нің 316-бабы бойынша Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлайды", - делінген полицияның сейсенбіде тараған ақпаратында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім ішкі мүшелерін көрсету үшін сабақ кезінде мектеп оқушыларымен бірге теңіз шошқасын сойған бейнежазба тараған.



Алматы қалалық білім басқармасы оқиғаның “125 Almaty" ЖШС жеке мектебінде 17 ақпанда 10-сыныпта биология пәнінен қосымша практикалық сабақта болғанын мәлімдеген.

Нәтижесінде биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кеткен.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 16:30