Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Медеу мұз айдынында қыз зорлаған күдікті қамауға алынды

Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында қыз зорлады деген күдіктінің жазасы өзгертілді. Бұл шешім Медеу ауданы прокуратурасының өтініші бойынша Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясымен қабылданды.

Алматыдағы Медеу мұз айдынында қыз зорлаған күдікті қамауға алынды

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің қамауға алынуына оның бірнеше рет істі болғаны себеп болды. Оның үстіне қылмысы ауыр болған. 

"15 мамырда апелляциялық сот кепілдікті тоқтатты және күдікті сот залында қамауғ алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс "Медеу ауданының прокуратурасына шешімнің заңдылығын және сотқа одан әрі жолдамасын зерттеу үшін жолданды", - деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, зорлау оқиғасы осы жылдың наурыз айында болған. Құқық қорғаушы Дина Смаилованың айтуы бойынша, қыз кездесуде  достарыменұрысып қалғандықтан, таңға жуық ақшасыз, телефонсыз кетіп қалады. Күдіктімен танысып, қызды үйіне шығарып салады. Келесі күні күдікті бойжеткенді Медеуде кездесуге шақырады. Онда тергеушілердің айтуы бойынша, ол зорлық-зомбылық жасаған

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр