Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Bek Air ұшағының апаты: Тоқаев жапа шеккен азаматтардың шағымын ескеру керек деді

Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктер Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсетуі керектігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Алматыдағы ұшақ апаты

"Өкінішке қарай, таяуда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Маған зардап шеккендердің хаты келіп жатыр, олар өтемақы алмаған. Адамдар ауруханада жатыр, кейбірі еңбекке жарамсыз болып қалды. Бұған байланысты не істеліп жатыр?", - деген сұрақ қойды Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр опат болғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден берілгенін жеткізді. 

"Одан бөлек, барлық жолаушы сақтандырылған, жақын арада өтемақы береміз. Қажетті барлық құжат рәсімделді. Зардап шеккендердің ішінде түрлі аймақ өкілдері бар. Жалпы алғанда, 52 адам зардап шекті. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмектеседі. Бұған қоса Bek Air билет сатып алған жолаушылардың ақшаларын қайтаруы тиіс", - деді Скляр.  

"Жылдамдатуды сұраймын. Зардап шеккен адамдарға үкімет пен әкімдіктер көмектесуі керек. Бұл мәселеге әкімдердің назарын аударамын. Жақын арада бұл проблеманы шешіңіздер", - деді Тоқаев.
 

Талқылау