Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балабақшада баланы ұрып-соққан тәрбиеші жұмысынан қуылды

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыдағы балабақшада баланы ұрып-соққан тәрбиеші жұмысынан қуылды

Оқиға 2 мамырда №37 балабақшада орын алған. Тәрбиеші кіші топтың 2 жасар тәрбиеленушісін ұрған. 

Баланың анасы оның денесінің көгергенін байқап, балабақшаның басшылығына жүгінген. Артынша бейнебақылау камерасындағы жазба қаралып, факт расталған. 

«3 мамырда тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-тармағына сәйкес (Тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскердің жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасауы)жұмысынан босатылды. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне қызметкердің қызметін дұрыс бақыламағаны үшін сөгіс жарияланды. Алматы қалалық білім басқармасы балабақшаның жұмысын айрықша бақылауға алды», - дейді министрліктегілер. 

Еске сала кетсек, желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің баланы ұрып-соққан видеосы тарап кетті
 

Талқылау