Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автобустар соқтығысты: іс сотқа жіберілді

Алматыда екі автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты атышулы іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында №98 автобустың жүргізушісі күдікті деп танылып, оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша квалификацияланды", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Қалалық №98 және №201 екі автобустың қатысуымен болған жол апаты 2022 жылдың 8 қарашасында Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында болған еді. Жол апаты салдыранын жедел жәрдем келгенше бір адам қайтыс болып, тоғыз адам ауыр жарақат алды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2023 19:14
Талқылау