Алматыдағы автобустар соқтығысты: іс сотқа жіберілді
Алматыда екі автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты атышулы іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында №98 автобустың жүргізушісі күдікті деп танылып, оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша квалификацияланды", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Қалалық №98 және №201 екі автобустың қатысуымен болған жол апаты 2022 жылдың 8 қарашасында Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында болған еді. Жол апаты салдыранын жедел жәрдем келгенше бір адам қайтыс болып, тоғыз адам ауыр жарақат алды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген