Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы аурухананың дәретханасы желі қолданушыларының наразылығын тудырды

Әлеуметтік желілердің қолданушылары Алматыдағы ауруханалардың біріндегі дәретхананың тазалығын талқылауда: интернетте медициналық мекемеде түсірілген суреттер тарады. Қала әкімдігі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заңгер Жангелді Сүлейманов Facebook-тегі парақшасында Алматыдағы ауруханалардың бірінің дәретханасының суретін жариялады. Заңгер және басқа пайдаланушылар дәретхана тазалығына сын тақты.

"Денсаулық сақтау министрлігіне коронавируспен күресуге 114,826 миллиард теңге бөлінді. Барлық миллиардтар сәтті жұмсалды! Бірақ Алматыдағы теміржол ауруханасының дәретханасын ретке келтіру үшін 10 мың теңге жетпей қалды.

Мұндай дәретханаға бару адам үшін - қорлық, заңды бұзу да. Ережеге сәйкес, есіктері бар кабиналар болуы керек", - деп жазды заңгер.

Анықталғандай, фотосурет шынымен Алматы темір жол ауруханасында түсірілген.

Алматы әкімінің баспасөз қызметі бұл мәселені қаланың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті бақылауға алғанын хабарлады.

"Біз сіздің өтінішіңізді назарға алдық, сондай-ақ "Алматы темір жол ауруханасы" ЖШС 15 маусымнан бастап инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеп жатқандығын хабарлаймыз.

"Алматы темір жол ауруханасы" ЖШС юасқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы болмауына байланысты, санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау туралы мәселені шешу үшін өтінішіңіз Алматы қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаментіне, сондай-ақ "Алматы темір жол ауруханасы" ЖШС-не жіберілді", - деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр