Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атышулы алып тиінді бұзып жатыр

Желіде Алматыдағы атышулы тиінді бұзып жатқаны түсірілген суреттер пайда болды. Өнер туындысының алдағы тағдыры белгілі болды. Енді ол жаңа келбетке ие болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы алып тиінді бұзып жатыр

Сурет: Instagram/kanafina

«Эко-Белка» жобасының ұйымдастырушысы Майра Измайлова тиіннің жаңа өмірге ие болатынын айтты. Ол әлемде мұндай жобаның болмағанын атап өтті.

Белгілі болғандай, Атакенттегі алып тиінді мүлде алып тастамайды. Қыркүйек айында ол пластикпен қапталмақ.

Жобаға қатысушылардың сөзінше, жабын ретінде қолданылған сабан ескірген. Ендігі оны пластик жабынмен алмастырмақ. 

Өз кезегінде Измайлова алматылықтарды жобаға атсалысуға шақырды. Ниет білдіргендер краудфандингтік платформа арқылы ақша аударып, өз атына тақтайша ала алады. Немесе қайта өңдеу үшін, пластик өткізуіне болады. 

Алып тиін қыркүйек айында жаңа жабынмен қапталады деп жоспарланып отыр.

Талқылау