Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әлем чемпионатына хиджабсыз қатысқан ирандық шахматшы еліне қайтудан қорқады - БАҚ

Ирандық шахматшы Сара Хадем Қазақстандағы халықаралық турнирге орамалсыз қатысқаннан кейін Испанияға көшеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі El Pais басылымына сілтеме жасап.

иран шахматшысы

Иранның білікті шахматшыларының бірі Сара Хадем Испанияда қоныстануды жоспарлап отыр. 

Әлемде 804-ші және өз елінде 10-шы орында тұрған Сара Хадем Ирандағы қуғын-сүргіннен қорқып, турнирден кейін Иранға оралған жоқ. Мұны испан басылымдары жариялады.

Онымен бірге оның әйгілі кинорежиссер Ардешир Ахмади атты жұбайы баласымен Испанияға көшеді.

Ирандық шахматшының Испанияда пәтері бар екені анықталды. Бірақ спортшының Испанияда тұруға рұқсат алғаны немесе саяси баспана сұрағаны белгісіз.

Осыған дейін Иранда екі актриса хиджаб кимегені үшін жазаға тартылды.

Талқылау