Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жұмысшы үй иесінің 164 мың доллар ақшасын ұрлап кетті

Алматыда тұрғынның қомақты қаржысын ұрлаған жұмысшы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда жұмысшы үй иесінің 164 мың доллар ақшасын ұрлап кетті

"34 жастағы Алматы тұрғынының 164 мың доллар қаражаты жоғалып кетті.  Әйел қаладағы пәтер мен жер учаскесін сатып, одан түскен ақшаны үйінің гаражында жасырған", - делінген хабарламада.

Осыдан кейін әйел моншасын жөндеу үшін екі жұмысшы жалдайды, бірақ ақшасын басқа жаққа жасырмайды.

Үйдің иесінің айтуынша, бір күні жұмысшылардың бірі жұмыс істеуден бас тартып, ұялы телефонын өшіріп тастайды. Екінші серіктесіне 100 мың теңгеден астам ақша төлеп, үйіне жібереді. Осы кезде үйдің қожайыны әлденеге күдіктенеді. Жасырған орыннан ақшасын қарағанда, орнында болмай шыққан. 

Қазір сот алдындағы тергеу басталды. Полицейлер 35 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Ол Алматы қаласының орталығында жалға алынған пәтерде ұсталды.

"Ақшаның бір бөлігі оның жанында болған, екінші бөлігін Алматы облысы аумағына жасырып үлгерген. Ақшаның үшінші бөлігін күдікті анасына аударғанын айтты. Біз бұл ақпаратты қазір тексеріп жатырмыз, қаражатты алу бойынша жұмысты атқарамыз", - деп сендірді полиция.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Талқылау