Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес". Jah Khalib Дмитрий Гордонға сұхбат берді

Украина жазушысы, журналист, тележүргізуші, атақты интервьюер Дмитрий Гордан қазақстандық музыкант Jah Khalib-пен сұхбаттасты.

Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес Jah Khalib Дмитрий Гордонға сұхбат берді
Алматыда бірнеше рет болдым,  өмір сүру үшін ғажап қала деп ағынан жарылған Горданға музыкант қала жайлы өз ойын білдірді. «Өмір сүру үшін қолайлы, бірақ жұмыс жағына келгенде олай деп айта алмаймын. Алматыны жақсы көремін. Бірақ бұл қалада жұмыс істеу мүмкін емес. Жұмыс режимі жоқ. Алматы тек демалыс үшін ғана қолайлы. Жақын арада шет елдік достарымды шақырып, қалада қыдырдық. Өмірінде бірінші рет көріп тұр. Неге ресторандар көп деп таң қалды», - дейді Jah Khalib.

Әншінің айтуынша Мәскеу немесе Еуропаның ірі қалаларына барып келген соң, Алматыдағы тіршілік баяу сияқты көрінеді. Және оңтүстік астанада жұмыс істегеннен гөрі демалған ғана ыңғайлы. Ата-анасы мен достары, әсем табиғат пен таудың салқын ауасы болмаса, шығармашылық ізденіс мінсіз үшін қала деп емес екендігін айтты.
 

Талқылау