Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады: Жүргізушілер не болғанын айтып берді

Алматыда автобус көпірден құлады. Үш жүргізуші "Сайран" вокзалына бүкіл адамды түсіріп, автотұраққа жол тартқан екен. Айналма көпірге келгенде алдындағы су шашатын коммуналдық көліктен айналып өтпек болғанда, апатқа ұшыраған. Салдарынан автобустың сау тамтығы қалмаған. Жүргізушілер оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады: Жүргізушілер не болғанын айтып берді

Іші 50 адамға лық толы автобус күні кеше сағат алты жарымдар шамасында Түркістан облысы, Кентау қаласынан шыққан. Таңғы алтыларда Алматыдағы «Сайран» автовокзалына бүкіл жолаушыларды түсіріпті. Сөйтіп, бір-бірін ауыстыратын үш бірдей жүргізуші демалу үшін автотұраққа жол тарттық, дейді. Райымбек және Сайын көшелерінің қиылысындағы көпірге келгенде аяқасты астыға сырғып түскенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап. 

Төрт метрлік көпірден тура тұмсығымен жерге тірелген автобустың түгі қалмаған. Жақын маңдағы тұрғын үйдің жұрты да қатты дүрсілден шошып ояныпты. Әйтеуір жүргізушілер жапатармағай қоғамдық көліктің жүк салғышынан ауыр-ауыр жәшіктерді шығарып жатқанын көрген. Ішінде жолаушылар болмағанына қуандық, дейді.

Тура көпірдің астында тәулік бойы істейтін жанармай бекеті орналасқан. Ондағылар бәрін көрген екен. Әуелі су шашатын коммуналдық көлік жүрген. Артынан автобус қатты жылдамдықпен айналып өтпек болыпты. Бірақ жүргізушілер біздің жүгенсіздігімізден емес, жолдағы суға тайып, құзға аударылдық, деп сендіруде. 

«16 адам түсіріп келе жатқанбыз. Жолды шаю үшін су шашқан екен. Сонымен, қызып келе жатқан баллон тоқтай алмай, сырғып, аударылып кетті. Қатты жылдамдықпен келе жатпаған едік», - дейді жүргізуші Қанат Ташболат. 

Ішіндегі үш жүргізушінің рөлде отырғаны жарақат алыпты. Алайда медициналық көмектен соң оқиға орнына келген. Дәрігерлер өміріне еш қауіп жоқ екенін айтады. 

«Оң қолының білек буынының байламы созылуы диагнозы. Ол кісіні толық тексердік. Рентген жасадық. Амбулаторлық емдеу нәтижесінде үйіне қайтарылды», - дейді травматолог дәрігері Жасұлан Арғынбаев.

Сөйтсе, бұл автобус елді заңсыз тасымалдайтынға ұқсайды. Еш жерде тіркеуде емес. Бүкіл вокзал қызметкерлері қазір осындай қоғамдық көліктермен соңғы екі жылдан бері күресіп келеді екен. 

«Шығатын жері заңсыз. Базарлардан, белгісіз орындардан шығады. Жүргізушілерді ешкім тексермейді. Заңсыз жүріп жатыр. Себебі салықтан, билеттен қашады», - дейді «Үшқоңыр» автовокзалының директоры Батыржан Еңдібаев.

Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алматының су жаңа әкімі Сағынтаевтың өзі полиция департаментіне істі мықтап қадағалауын тапсырып отыр.

Еске сала кетсек, Алматыда жолаушылар автобусының көпірден құлап кеткенін хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр