AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері наразылыққа шықты: Оқиғаға түсініктеме берілді

Алматы жедел жәрдем қызметкерлері наразылыққа шыққан. Жедел жәрдем станциясының басшылығы жүргізушілер наразылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Осыған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігінің бірнеше жүргізушісі жұмыс жағдайына қатысты наразылыққа шыққаны туралы айтылған еді. Онда басшылық үстемақы төлеуді кешіктіргені және автокөліктерді жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді жүргізушілер өз қаражаттары есебінен сатып алуға мәжбүр екені айтылған. Оған қоса, қызметкерлері бұл мәселені көтеген әріптестеріне қысым жасалғанын жеткізген.

Биыл сәуірде жүргізушілердің бірінде коронавирус анықталған. Кейін оның басқа әріптестерімен байланыста болғаны белгілі болады. Мұндай тоғыз адам анықталды. Барлығы үй карантиніне жіберілген.

"Алайда олардың бірі карантин режимін сақтамай, тіпті қоғамдық орындарға да барған. Куәгерлер бар. Сонымен қатар, ол бес күннен кейін тіркелген аурухана парағын әкелді. Осы кезеңде ол басқа адамдарға вирус жұқтыру қаупін тудырды. Ал біз оған көз жұма алмаймыз, әсіресе осындай қиын кезеңде", - деді жедел медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Ербол Сәрсенбаев.

Ол мұндай немқұрайлық салдарынан қосалқы станция меңгерушісі мен жедел жәрдем медбикесі тәртіптік жазаға тартылғанын жеткізді^ Ал осы шешіммен келіспеген жүргізуші басқа әріптестерін жинап, әкімдікке жұмыстан босатылғаны үшін наразылықпен барған көрінеді.



"Әкімдікте оларға барлық жағдай түсіндірілді. Олар тек әріптесін қолдау үшін келген. Себебі жүргізушілер 212 мың теңге көлемінде үстемақы алады, ал әкімдік мамырда ынталандыру компоненті ретінде қосымша қаражат бөлді. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына енбеген қызметкерлер санаты үшін, өйткені олар эпидемияға қарсы шараларға да қатысты", - деді Сәрсенбаев.

Жедел жәрдем қызметі көліктерге қатысты да пікір білдірді.

"Барлық автопарктегі көліктер жаңа. 2020 жылы 140 машина сатып алынды. Компаниялармен кепілдік қызмет көрсетуге шарттар жасалды. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 200 көліктен басқа, бізде 56 резерв бар. Егер негізгі көлік істен шықса, онда бригада резервке ауыстырылады және қызмет көрсетуін жалғастырады", - деп қорытындылады ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр