Алматыда жасөспірім жаттығу кезінде көз жұмды: Академиядағылар мән-жайды айтты

Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясындағылар жаттығу кезінде аяқ астынан көз жұмған жасөспірімнің өлімінің мән-жайын айтты. Жасөспірім оқыған мектеп директорының сөзінше, ол ешқашан денсаулығына шағымданбаған және қайғылы жағдайдың алдында барлық сабаққа қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алматыда жасөспірім жаттығу кезінде көз жұмды: Академиядағылар мән-жайды айтты

15 жастағы жасөспірім жаттығу кезінде кенеттен есінен танып қалған. Жедел жәрдем 8 минутта келгенімен, оны құтқаруға үлгермепті. Әзірге жасөспірімнің нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

Қайғылы жағдай орын алған Қазақ спорт және туризм академиясындағылар жасөспірімдердің медициналық анықтамасыз сабаққа жіберілмейтінін айтып отыр. Белгілісі, жасөспірімнің баскетболдан жекеменшік секцияға барып жүргеніне бір жарым ай болыпты. Оқиға бір жарым сағатқа созылған жаттығу кезінде орын алған.

Проректордың сөзінше, жасөспірімнің жағдайы кенеттен нашарлаған. Ол естінен танып құлап қалыпты. Бапкер алғашқы жәрдем көрсеткен. Десе де оны жұмысынан шеттетті.

«Өкінішке орай, қайғылы жағдай ойын залында орын алды. 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Оқу-жаттығу кезінде өзін нашар сезінген. Ол шетке қарай барып, артынша құлап қалыпты. Бапкер дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бапкер бүгіннен бастап тергеу уақытында жұмысынан шеттетілді. Бұл жағдай оған да оңай тиген жоқ», - дейді академияның бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев. 

Жасөспірімнің денсаулығына шағымданбағанын ол оқыған мектептегілер де айтып отыр. Мұғалімдері сол күні оқушының көңілді жүргенін, ештеңеге шағымданбағанын еске алды. 

«Ален біздің мектепте бірінші сыныптан бастап оқиды. Ол жақсы оқыған еді. Қазір мұғалімдері оның көңілді жүргенін айтып отыр. Кеше оларда дене шынықтыру сабағы да болған еді. Ол жаттығу жасап, аздап баскетбол ойнаған. Тоғызыншы сынып оқушыларының барлығы профилактикалық бақылаудан өткен. Мамандардың барлығы оның сау екенін жазған», - дейді №94 мектеп-гимназияның директоры Айгүл Ботабекова. 

Ал марқұмның туыстары әзірге оқиғағы қатысты пікір білдірген жоқ. Полиция іске қатысты қызығушылық танытқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда жасөспірім қайтыс болды деп хабарланған болатын. Қайғылы оқиға достарының көз алдында болды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді

"Камерадан қылмыскердің аңдып жүргені байқалады, бірақ ешкім көрмеген": Заңгер Таразда зорланған оқушы туралы

Заңгер: Бақыламайтын болса, камераны не үшін орнатты?
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр