Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас қыз бен үш жігіт жезөкшелерді ұрып-соғып, тонап келген

Алматыда қылмыстық банда интимдік қызмет көрсететін ер адамдар мен әйелдерді ұрып-соғып, тонап келген. Бүгінде күдіктілер тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда жас қыз бен үш жігіт жезөкшелерді ұрып-соғып, тонап келген

Полиция мәліметінше, үш ер адам мен бір жас қыз қала аумағында пәтер жалдап, интимдік қызмет көрсететін адамдарды, көбінесе ерлерді пәтерге шақырған. Алайда олар интимдік қызмет көрсетушіні ұрып-соғып, қорқытып, заттарын ұрлаған. 

«Бұл қылмыстық «төрттік» интимдік сайттарды бақылап, секс индустрия жұмысшыларына қоңырау шалып, оларды өздеріне шақырған. Ақшаны пәтерде төлеуге келісіпті. Артынша интимдік қызмет көрсетуші пәтерге келгенде, «клиенттер» оны ұрып-соққан. Мұнан әрі ақшасын, ұялы телефоны мен бағалы бұйымдарын тартып алған. Бәлкім, олар өз құрбандары полицияға жүгінбейді деп ойлаған болар», - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының полиция бөлімінің басшысы, подполковник Ұлан Әбілқайыр. 

Алайда құқық қорғаушылар қылмыстық топтың жасаған осы тәрізді төрт әрекетін дәлелдеді. Күдіктілердің екеуі бұған дейін мүлікке қатысты қылмыс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған. «Төрттіктің» ішіндегі ең үлкені 27 жастағы қыз болып шықты. Қалғандары 1998, 1999 және 2000 жылғы. Полиция мәліметінше, олар мемлекеттің әр түрлі өңірлерінен келген және қалада еш жерде жұмыс істемеген. 

«Олар бірігіп, қылмыстық тірлік арқылы «табыс таппақ» болған. Қазіргі уақытта олардың бәрі тергеу изоляторында отыр. Олар Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша айыпталуда», - дейді Ұлан Әбілқайыр. 

Сонымен қатар полициядағылар аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерден келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұрады: 2564-48-70; 254-48-71 және 254-48-72.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі шіріген бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы

Рейтингтегі екінші орынды АҚШ иеленіп, оның ізін Жапония жалғады

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты
Çàãðóçêà...