Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жарық неге өшті: Компания жауап берді

Алматыда жарықтың неге өшкені туралы электр қуатына жауапты компания түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бүгін екі сағатқа жуық уақыт аралығында Алматыда жарық сөніп, тұрғындардың наразылығын тудырған. Бұл туралы "Алатау жарық" компаниясы баспасөз маслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді. Олар жарықтың өшуіне, жалпы апатқа не себеп болғанына қатысты тексеріс жүргізілетінін жеткізді.

"2 сағат 13 минутта өшіп, 4 сағат 29 минутта толық қосылып жөнделді. Электр қуатын пайдаланып отырған адамдардың барлығы қазір қосылып отыр. Бүгін комиссия құрылып, барлық қосалқы станциялардағы құрылғыларды зерттеп, қорытынды шығарылады. Содан кейін барып себебі анықталады", - дейді "Алатау жарық" компаниясы бас инженерінің орынбасары Нұржан Әділбеков.

Талқылау