Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда және тағы 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

жаңбыр

Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласына жақын аумақтарда жауын жауады, нөсер болуы ықтимал. Сондықтан тау өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

18 мамырда Шымкент қаласында нөсер жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

18 мамырда Қостанай облысында нөсер, бұршақ жауады, тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай болады, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

18 мамырда Түркістан облысында нөсер, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді.

Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа райының құбылуына назар аударуды сұрады. Дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керек.

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге дейін күшейеді. Елді мекендерде қауіпсіздік ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары. Дауыл соққанда барлық терезе жабылуы тиіс.

Көшеде жарнама қалқандары, аялдама, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұру керек. Үстіңізге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз керек. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға жақындауға болмайды.

"Қатты жел тоқтағанша жақын маңдағы ғимаратта бола тұру керек. Ағаштың астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап  көлікті басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті. Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар", делінген ескертуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр