Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Прокуратура Алматыда заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

заңгер

Прокуратура мәліметінше Асанованың өлімі Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша тіркелген.

Прокуратура келісімімен марқұмның бұрынғы күйеуі Н. күдікті деп танылып, қамауға алынған. 14 ақпанда прокуратура істі Алмалы аудандық сотына жіберді. 


Тұрмысқа шығуға анасы көндірген: Алматыда әріптестері көз жұмған адвокат жайлы айтып берді


Еске салайық, 2022 жылдың 8 қазанында түнгі 23:00 шамасында 42 жастағы әйелге шабуыл жасалған еді. Әйел түрлі пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, алайда 12 қазанда көз жұмды. 

Назархан Уән
Жұма, 17 Ақпан, 2023 16:43