Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқытушы студентті шалып жығып, қашып кеткен: Оқиғаның қалай болғанын мұғалімнің өзі айтып берді

Студентті көшенің қақ ортасында шалып жығып, қашып кеткен оқытушы жұмыстан шеттетілді. Алматыдағы жеке меншік оқу орнының басшылығы бұл жайт педагогтардың арына кір келтірді деп отыр.

Алматыда студентті шалып жығып, қашып кеткен: Оқиғаның қалай болғанын мұғалінің өзі айтып берді

Ал,  2 курс студенті полицияға шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаладағы іргелі оқу орындарының бірінде оқитын 2 курс студенті түстену үшін асханаға бет алғанда өзіне қарама-қарсы келе жатқан бейтаныс адам оны аяғынан шалып жыққанын айтады. Күтпеген жағдайдан студент асфальттың үстіне құлап, беті, үсті-басы сырылып, бір тісі сыныпты. Онымен қоса ұялы телефоны мен қол сағатына да зақым келген. Енді оның анасы күдіктінің жауапқа тартылғанын қалайды. 

“Кешірім сұрады. Көмегін ұсынды. Ұсынды дегенде өзінің телефон, сағатын ұсынды. Бір тісін сындырған. Бәрінің қаражатын көтеремін деді. Біз оған ештеңе деген жоқпыз. Ол өзі солай айтты. Бетіндегі жарақаты кетіп жатыр. Аз қалды. Тізесіндегі, қолындағы, аяғындағы жарақаты әлі бар, ауырады”, - деді Алтынайдың анасы Мақпал.

Ал өз берінше кетіп бара жатқан бойжеткенді мертіктірген адам іргелес орналасқан оқу орнында дәріс береді екен. Алексей Хаджиев арам ойы болмағананын, асығып бара жатып, қағып кеткенін айтады. Енді бойжеткенге келтірген барлық шығынды өтеп, істі сотқа жеткізбей шешуді көздеп отыр. 

“Көше қиылысында маған қарсы бір қыз келе жатты. Мен оны қағып кеттім, нақтырақ айтқанда аяғынан шалып кеттім. Артыма бұрылып орнынан тұра бастағанын көріп ары қарай кете бердім. Қарасам мені қуып келе жатыр. Жәбірленушімен хабарласып, барлық шығындарын өтеп беретінімді жеткіздім”, - деді университет оқушысы Алексей Хаджиев.

Ал оқу орнының басшылығы келеңсіз жағдай туралы әлеуметтік желіден естіп біліпті. Оншақты жылдан бері университетте ағылшын тілінен сабақ берген ұстаздың бойынан бұрын соңды ерсі қылықты байқамағандарын айтады. Мәселенің мән-жайы анықталғанша мұғалімді жұмыстан уақытша аластатқан.

“Біз бұл жағдайды ұстаздардың атын кір келтіру деп бағалаймыз. Біздің тәжірибемізде алғаш рет орын алып отыр. Сондықтан сабақ беруден бірден шеттеттік. Қазір құзырлы органдар айналысуда. Біз нақты бағасын береді деп ойлаймыз”, - деді университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі үйлестірушісі Наталья Герасимова. 

Осы оқиғадан кейін жәбірленуші студент бірден полицияға шағым түсірген. Қазір тергеу амалдарын қолға алған сақшылар педагогтың не себепті мұндай қадамға барғанын анықтап, тиісті шаралар қабылдап жатыр. 

Талқылау