Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция күдікті адамдарды тексереді

Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару иелерін тексере бастады. Қалада 10-14 шілде аралығында «Қару» жедел алдын алу шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

БАҚ: Жамбыл облысында полиция қызметкерін пышақтап, мүрдесін өртеп жіберген

Қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұратәлиев аталған шараның «жедел жағдайға» жақсы әсер етіп, сонымен қатар тексеріс барысында қарумен жасалған кейбір қылмыстар ашылуы мүмкін екенін айтты. 

Маманның сөзінше, жедел алдын алу шараларына алматылық полицияның сыртқы қызметтері қатысады. 

Патрульдік, учаскелік инспекторлар мен жол полицейлері қару не оқ-дәрі сақтауға қатысы бар күдікті адамдардың бәрін тексеретін болады. 

Тәртіп сақшылары лицензиясыз қаруды тапқан жағдайда, ол тәркіленеді. 

Осылайша, аталған шара кезінде қаруды сақтау және бөлмені жабдықтау ережелерін бұзған бірнеше қару иесі тексерілді. Олардың барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Талқылау