Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер көлігімен қаққан әйелдің жағдайы ауыр

Полицейлер қаққан қарт әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда полицейлер көлігімен қаққан әйелдің жағдайы ауыр

"Науқасты жедел жәрдем тобы ауруханаға жеткізді. Қазір науқас жансақтау бөлімінде. Бастың жабық жарақаты, контузия, ауыр аралас жарақат, сол жақ иық пен төменгі аяғының сынуы деген диагноз қойылған. Оның жағдайы ауыр және тұрақты", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бүгін таңертең полиция көлігі Алматыдағы «Тастақ» базарының қасында бір әйелді қағып кетті.

Талқылау