Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер кейуананы қағып кетті: Оқиғаның видеосы пайда болды (видео)

Алматы қаласында полицейлердің егде жастағы әйелді қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда полицейлер кейуананы қағып кетті: Оқиғаның видеосы пайда болды (видео)

Сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің видеотіркегішіне түсіп қалған видеожазба Instagram желісіндегі almaty_dtp_rezerv паблигінде жарияланды. 

Видео кадрларынан жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан адам байқалады. Ол асықпай жүрген. Осы кезде жолда келе жатқан патрульдік көлік жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда полицейлердің кейуананы қағып кеткенін хабарлаған едік. Полиция мәліметінше, 71 жастағы әйел жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болып, аяқ астынан автобустың арғы жағынан атып шыққан. Сол кезде тәртіп сақшылары қандай да бір әрекет жасап үлгермепті.

Ал көлік астына түскен кейуана ауыр халде жатыр.

Талқылау