Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер егде жастағы әйелді қағып кетті

Алматыда полиция көлігі егде жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда полицейлер егде жастағы әйелді қағып кетті

Сурет: Instagram/kris.p.almaty

Полиция мәліметінше, оқиға бүгін сағат 9:45-те Төле би мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған. 

«Әзірге тұлғасы анықталмаған әйел Төле би даңғылын рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болып, жолда тұрған автобустың арғы жағынан жолға атып шыққан. Осы кезде батыс бағытта кетіп бара жатқан Hyundai маркалы полиция көлігінің астына түсіп қалған. Әйел ауруханаға жеткізілді», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Сонымен қатар полициядағылар жол-патруль полициясының экипажы өзінің әкімшілік аумағында болғанын және аталған аумақтағы тәртіптің сақталуын қамтамасыз еткенін айтты. 

Талқылау