Алматы облысында үш көлік соқтығысып, салдарынан адам өлді (видео)
Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот
Көлік жүргізушілердің бірі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіпті.
"30 қарашада Жамбыл ауданында "Алматы-Бесмойнақ" тас жолының 77 шақырымында "Mersedes Benz 280" жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, "Ford Focus" көлігімен соқтығысқан. Сосын ВАЗ-2114 көлігіне соққан. Жол апаты салдарынан "Ford Focus" көлігінің жүргізушісі көз жұмды", – делінген хабарламада.
Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"