Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда морг директоры ұсталды

Алматыда пара алды деген күдікпен морг директорының ұсталғаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Оның тергеу жүріп жатқан кезде екі айға қамауға алынғаны нақтыланған.

"Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық патологиялық бюро ШЖҚ-да морг директорын ұстады. Ол салынып жатқан қалалық патологиялық бюроға медициналық техниканы жеткізуге қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деп күдіктенді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы мәйітхана директорына қатысты іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатын.

Талқылау