Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп құралдары бағасы қымбаттап кеткен

Алматыда мектеп құрал-саймандары қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана тв арнасына сілтеп. 

мектеп

Қала тұрғыны Ғалия балаларына қажетті оқу құралдарын алу үшін базарға келген ол дәптер ала алмаған.

“Дәптерді алайын 20 штук десем, маған айтады 5000 теңгенің көлемінде товар алсаңыз, дәптер 5 теңге болады дейді. Ал егер ештеңе алмасаңыз дәптерді 25 теңгеге аласыз дейді. Енді ол мүмкін емес жағдай ғой”, – дейді ата-ана Ғалия Қуанышқызы.

Ата-аналардың айтуынша, оқу құралдарының құны өте қымбат. Бір баланы мектепке дайындау үшін шамамен 60-70 мың теңге керек дейді.

“Қиындау, сумкалардың өзі 7-8 мың. 4 балалы, 5 балалыларға қиын енді. Қазір 3 бала бар оқытатын. Үшеуіне 210 мың кетеді сонда”, – дейді қала тұрғындары.

Мектеп құралдары бағасы расымен де биыл жоғары дейді сатушылар да.  Бірақ оған қарамастан сауданың жақсы жүріп жатқанын айтады.  

“Жылдан-жылға бағасы өсіп келеді. Алып жатыр. Толық заттарын алып жатыр, бірінші сынып та, үлкен сынып та”, – дейді сатушы Майра Болатқызы. 

Оқушы құрал-жабдығының дені Ресейден тасымалданады. Қытай мен Түркия, Үндістаннан  да импортталатын тауарлар бар. Дәптердің жеке сатылмауының  себебі осымен байланысты дейді мамандар. 

Талқылау