Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Медеу мұз айдынының дәретханасында зорланған қыз елден кетті

Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынындағы дәретханада зорланған 16 жастағы қыз елден кетті. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда Медеу мұз айдынының дәретханасында зорланған қыз елден кетті

«Әйелдерді қорғаңыздар... Медеуде зорланған қыз Қазақстаннан кетті. Ол үшін қуаныштымын. Оның жақсы жұмысы бар. Ендігі өзін қауіпсіз сезінеді. Ол – зорланғаннан кейін елден кетіп отырған үшінші қазақстандық», - деп жазды Дина Таңсәрі Facebook желісінде.

Бұл оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Ол 16 жастағы қызды «Медеу» мұз айдынының әжетханаларының бірінде зорлап тастаған.  Қылмыскер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 300 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелген еді. Оның әйелі және балалары бары анықталған.

Артынша аппеляциялық сот ер адамның жазасын өтеу мерзімін 4 жыл 2 айға ұзартты.

Талқылау