Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртенді: Жалыннан кейін ауадағы азот диоксиді жоғарылап кеткен

«Қазгидромет» Алматыдағы өртенген лак өнімдерінің қоймасынан кейінгі ауа атмосферасына жоспардан тыс талдау жүргізіп және оның нәтижесін жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

алматы пожар

18 шілде күні «Қазгидрометтің» Алматыдағы филиалы мен экология департаменті өрт алған аумақтағы ауа атмосферасының сынағын зерттеп көрді. 

– азот диоксиді бойынша - 1,75 ШРК (Шекті рұқсат етілген концентрация), фенол – 1,0 ШРК  Омаров 12В/2 көшесінде
– азот диоксиді бойынша – 2,65 ШРК Жетісу ауданы, Паладин 56Б көшесінде

Атмосфералық ауада жоғары (өте жоғары ластану) тіркелмеген.
Сондай-ақ, 18 шілдеде Алматыда атмосфералық ауаның жағдайы 16-бақылау бекеті бойынша сағат 7.00-де (Алмалы ауданы) аймағында №1 ластану бақылау нүктесі, 1.4 ШРК диапазонында азот диоксидінің асқынулары болған.
Қалған параметрлер бойынша ШРК тіркелмеген. 

Қазгидромет 18 шілдеде ауада қолайсыз метеорологиялық жағдай байқалғанын атап өтті. Республиканың оңтүстік аймақтарына оңтүстік-батыс тропосфералық ағынымен Ираннан ауа массасының келуі әлі де келуін жалғастыруда. Алматы облысында 40-43 градус ыстықтың орнына 33-38 жылу температурасы сақталады.

Осы күні желдің максималды шегі 4 м / с құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, 18 шілдеде Алматыдағы Жетісу ауданында лак өнімдерін өндіретін қоймадан өрт шықты. Жалынды сөндіруге екі түкұшақ да жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. 

Талқылау