Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртенді: Қызыл жалыннан қанша адам зардап шекті

Бүгін, 18 шілде, таңертеңгілік уақытта Алматы қаласының Жетісу ауданында қойма өртенді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрт кезінде зардап шеккендерге қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

өрт

«Осы өртке байланысты ешбір адам медициналық көмекке жүгінген жоқ. Десе де, сол жерде жедел жәрдем кезекшілікте тұр», - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алматының Жетісу ауданында қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік. Қызыл жалынды ауыздықтауға тікұшақ та жұмылдырылған болатын. Сондай-ақ, қоймада қандай заттар сақталғаны белгілі болды

Талқылау