Алматыда кәуапханалар жабылуы мүмкін

Алматы қаласында ашық отта тандыр нан мен кәуап пісіруге тыйым салынбақшы. Мегаполисті дамыту туралы қабылданған жаңа ережелер бойынша түтіні сыртқа шығып тұратын пештер мен көпшіліктің сүйікті асы кәуап жасауда пайдаланатын мангалдарды қолдануға рұқсат берілмейді екен, Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматыда кәуапханалар жабылуы мүмкін

Алматыда 5000-нан астам қоғамдық тамақтану орны бар, ал Бостандық ауданының өзінде 16-ға жуық кәуап әзіріп сататын орталық бар көрінеді.  

Қала экологтары мұндай орындардың ауаның ластануына өз үлесін қосып жатыр деп айтып келгеніне біраз болыпты. Сөздерінше түтін түтетіп, ашық отқа тағам әзірлейтін дәмханаларды қаланың сыртына көшіру немесе оларды мүлдем жабу қажет екен.

 «Біріншіден мұндай өзгерістер аз болса да қала экологиясына көмектесетіні белгілі. Ал екіншіден ашық отқа ағаш отын пайдалану азаяды. Ол өз кезегінде ормандағы теректердің шабылуын төмендетеді»- деді эколог Ажар Жандосова.  

Қазіргі таңда бұл ереже енді қаралып, талқылану үстінде. Ережемен танысу үшін электронды үкімет сайтына кірсеңіз болғаны. 


Тағы оқыңыз: Ғалымдар кәуап әуесқойларын ерте өлу қаупі туралы ескертті


Дәмхана иелерінің айтуынша, егер кәуапты ашық отқа пісірмесе оның дәмі кетеді. Ал егер кәуапханаларды қаланың сыртына көшіретін болса, ол тағамның бағасының көтерілуіне әкелетіні сөзсіз. 

Қала тұрғындарының ойы екіге бөлінді. Бірі бұл бастаманы қолдайтынын көрсетсе, басқалары дәмді тағамды жеу үшін қаланың сыртына шығып жүруді жөн көрмейтіндерін айтты. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

Қызы Денвер қаласында үйі жоқ адамға айналыпты

Лотереяда қомақты қаржы ұтқан азамат әйелінен қашып кеткен

Ақшаны екауара бөлісе алмай, жұбайлар арасында жанжал шыққан

«Жолдасым болмаса да, Құдай маған немерелерімді берді»: Шәхизада әйел бақыты туралы сыр шертті

Әнші: Ас үйге мен тек тамақ ішуге ғана кіремін
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр