AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қар көшкінінің астында қалған шаңғышының видеосы қазақстандықтарды шошытты

Алматыда қар көшкіні кезінде қардың астында қалған шаңғышының видеосы қазақстандықтарды шошытты. Анықталғандай оқиға "Ақ Бұлақ" тау-шаңғы шипажайында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қар

Шипажай әкімшілігіндегілер шаңғышының дайындықтан өткен кәсіби маман екенін айтты. Ол зардап шекпеген.

"Бұлар – дайындалған адамдар. Қолдан қар көшкінін жасаған соң көшкін қонақтар сырғанайтын аумаққа өткен жоқ. Арнайы мамандарды шақырып, қауіпсіз болуы үшін сырғанайтын аумақтарды шағын қатпарларға бөледі", –  деді тау-шаңғы шипажайында. 

Сонымен қатар шаңғышының сырғанауға тыйым салған аймаққа шығып кеткенін айтады. 

"Видеодан арнайы тормен аумақтың белгіленгенін көруге болады. Ал шаңғышы бұл аумақтан шығып кеткен. Зардап шеккен жоқ. Тек шаңғысы шешілген. Егер дайындықтан өтпеген адам болса жағдай бұдан да қиын болар еді", – деп қосты шипажай әкімшілігіндегілер. 

Сырғанауға барлығы 5 адам қатысқан. Сонымен қатар жабдықталған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр